Пәтер алып, қуанышқа кенелді

Халықаралық балаларды қорғау және Мемлекеттік рәміздер күнімен орайластыра және Есіл қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында аудан орталығында 32 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Шараға аудан əкімі Талғат Ерсейітов, аудандық мәслихаттың хатшысы Сәуле Ағымбаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғали Үсіпов, аудандық мәслихаттың депутаттары Константин Мистриди және Леонид Репутацкий қатысып, жаңа пəтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Баспаналы болғандардың арасында 13 жетім де бар. Құттықтау сөзінде аудан əкімі Талғат Ерсейітов өңірде аймақ басшысының тапсырмасы бойынша жетім жəне ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді қолға алынып отырғандығын атап өтті.
– Ағымдағы жылы Есіл қаласындағы 32 пəтерлі тұрғын үйді сатып алу үшін облыстық әкімдіктен қаржы бөлінген еді. Қолдау білдірген облыс басшылығына алғысымыз шексіз. Пəтерлерге газ плитасы, су жылытқыш орнатылған. Сонымен қатар, үйдің маңы абаттандырылған, – деді Т.Ерсейітов құттықтау сөзінде.
Жаңа пəтер алғандардың бірі Анастасия Кононец өзінің қуанышымен бөлісті:
–Менің бүгінгі қуанышымды айтып жеткізу мүмкін емес. Жұрт сияқты мен де өзімнің баспанам болса деп армандадым. Бүгін сол арманым орындалып отыр. Осындай игі іске мұрындық болып, қамқорлық танытқан мемлекетімізге алғысым шексіз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар