Сан ұлттың әні шырқалды

 Степногорск қаласындағы №2 құрылыс-техникалық колледжінде жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған «Татулық – бейбітшілік кепілі» атты концерт өтті.

  Ұстаздар Ақмарал Дошумова мен Елжан Айтпамбетов ұйымдастырған бұл шараға облыстық білім басқармасы мен этно-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Олар кеш барысында елдегі бірлік пен береке жайлы сөз қозғап, оның тұрақтылықты сақтаудағы маңызын тілге тиек етті.  Концертте колледж шәкірттері сан ұлттың биін билеп, әнін шырқады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар