Жастық жалын

«Достық» үйінде «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының кезекті VIII конференциясы болып өтті. Жиында 2020 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасының жобасы талқыланып, «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III съезіне делегаттар сайланды.

Конференция жұмысына 105 делегатпен қатар, бірқатар шақырылған қонақтар қатысты. Олардың қатарында  жоғары оқу орындарының ректорлары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, жастар ұйымдарының жетекшілері, ауыл жастары мен жұмысшы жастар, кәсіпкерлер, студенттер, блогерлер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. Жиында «Жастар – Отанға!» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жөнінде Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Томирис Үрістембаева, Бурабай ауданындағы «Рауан – Бурабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастауыш бөлімшесінің  атқарушы хатшысы Олжас Нұрмағамбетов сөз алды.
Күн тәртібіндегі екінші  мәселе бойынша «Жас Отанның» кезектен тыс III съезіне облыстан 52 делегат сайланды. Оның ішінде «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшылары, жас-тар ұйымдарының белсенділері мен көшбасшылары, мәслихат депутаттары, жас кәсіпкерлер бар.
Конференцияда облыстық  жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Шахмардан Байманов, басқа да делегаттар сөз алып, съезге қатысудың үлкен жауапкершілік жүктейтінін тілге тиек етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар