Жақсы істердің басы

Аршалы ауданында әріптестік жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойылды.

Аудан әкімі Жомарт Нұркенов пен  «Coca-Cola Алматы Ботлерс» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-інің бөлім басшысы Гокера Ташделена және «Орталық Азияның Еуразия қоры» корпоративті қорының атқарушы директоры Ринада Темірбекова қол қойған меморандумның мақсаты  өңірде  ауыл балалары мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «3, 2, 1, – СТАРТ!»  қайырымдылық жобасын жүзеге асыру болып табылады.
Осы жоба аясында «Coca-Cola Алматы Ботлерс» бірлескен кәсіпорны»  ЖШС  Орталық Азияның Еуразия қоры» корпоративті қоры арқылы аудандағы 28 мектепке барлығы 21,5 миллион теңге қаржы аударуды көздеп отыр. Бұл үшін аталған мектептер өздерінің жобаларын ұсынуы қажет.
– «Coca-Cola Алматы Ботлерс» еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады. Сол себепті, аталған жоба өңірдегі мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мол мүмкіндік береді деп үміттенеміз, – дейді аудан әкімі Жомарт Нұркенов.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар