Агроөнеркәсіп кешені облыс экономикасының ең маңызды салаларының бірі. Қазіргі таңдағы агроөнеркәсіп кешенінің ең басты міндеті – еліміздің, оның ішінде өңірдің халқының әл-ауқаты және азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды саналатын орақ науқанын уақытында

Дайындық ойдағыдай

Биылғы жылы ауа райының қолайсыздығы астықтың шығуы мен пісіп-жетілуіне біраз кері әсер еткені белгілі. Дегенмен, диқандардың тынымсыз еңбегі мен қазіргі заманғы технологияны қолдану және көктемгі дән сіңіру жұмыстарының уақытылы жүргізілуінің арқасында гектар түсімі жаман болмайды деп үміттенеміз. Астық түсімі мол болуы бұл азық-түлікке, тұқым және жемге деген ішкі нарықтағы сұранысты толықтай қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Қай жылды алсақ та, егін орағын өткізу оңайға соқпайтыны анық. Сондықтан, орақ науқанын тиісті агротехникалық деңгейде және барынша қысқа мерзімде өткізу үшін егін ору жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын алдын ала талқылаған жөн.
Осы орайда, өңірде күзгі ораққа техникаларды да-йындау жұмыстары да ойдағыдай жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Биылғы науқанға 8668 астық комбайны жұмылдырылады деп жоспарланған, оның 3 мыңы алымдығы жоғары шетелдік техника болып отыр. Бұл техниканың қазір 100 пайызына жуығы дайын. Ал, шалғыға келетін болсақ, облыста оның саны 2466, яғни, 100 пайызы, жүк көлігі және трактор тіркемесінің 100 пайызы жұмысқа әзір. Сонымен қатар, облыс аумағында механикаландырылған қырман, авто-жүк таразылары және астық кептіру орындарының да дайындығы пысықталуда. Өңірде элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарының сыйымдылығын ұлғайту немесе жаңадан салу сияқты жұмыстар да ұдайы назарда. Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешілуде. Күзгі егін орағын ойдағыдай өткізу үшін 75,9 мың тонна көлемінде дизель отыны, 4,7 мың тонна дизель майы және 6,9 мың тонна бензин қажет. Бүгінгі таңда қажетті жанар-жағармайдан 40 мың тонна көлемінде дизель отыны, 4,7 мың тонна дизель майы және 6,9 мың тонна бензин қоры жасалынған. Облысқа науқанға қажетті кепілдендірілген дизель отынының 75 мың тоннасы бөлінген.
Егін орағы кезіндегі ең басты мәселе ол астық қабылдау кәсіпорындарының  дайындығы. Осы орайда, биылғы науқанға 229 астық кептіру кәсіпорны мен 487 механикаландырылған қырман жұмылдырылатын болады. Осыдан-ақ, алынған астықтың  далада қалмайтынын байқауға болады.
Сейілхан ЫСҚАҚОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар