Алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес мәселелері бойынша аумақтық басқармалармен бейне конференция  өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша  осы жылдың бірінші жартыжылдығында  29 пара алу оқиғасы анықталып, 147  сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген.
– Бұл статистикалық мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың әлі де көрініс беріп отырғанын көрсетеді, – дейді ішкі  қауіпсіздік басқармасының бас маманы Нұрым Сейітахметов. – Біздің міндетіміз осындай оқиғаларға жол бермеу үшін оның алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Департаменттің ішкі  қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер арасында келушілермен қарым-қатынас мәдениетін арттыруға, немқұрайлылық  фактілерінің алдын алуға, қызметтік міндеттерін атқару барысында заңсыз әрекеттерді болдырмауға бағытталған  алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Осының нәтижесінде мемлекеттік кірістер органындағы жемқорлық заң бұзушылықтар саны біршама азайып отыр.
Шара соңында қатысушылар назарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі ұсынылды.

Облыстық мемлекеттік кірістер
 департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар