«Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Аршалы ауданындағы 42-ші разъездің тұрғындары биыл күтпеген жерден су астында қалды.

Алғысымыз   шексіз

Қардың қалың жаууы, әрі көктемде жедел еруі су тасқыны қаупін күшейткенімен, елді мекенімізді су алып кетеді деп күткен жоқ едік.
Расы керек, су деңгейі көтеріле бастаған тұста адамдарды үрей биледі. Құтқарушылар қайда, билік неге көмек қолын созбайды деген сөздер естіліп жатты. Көп ұзамай олар да келіп жетті. Ішкі істер органының, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жедел және сауатты қимылдап, бәрімізді қауіпсіз жерге
жеткізді. Құтқарушылар табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік, қажетті дәрі-дәрмек, жылы киіммен қолдан келген көмектерін аянбады.
Адамның адамға деген жақсылығы басыңа іс түскен осындай қиын сәтте көрінеді емес пе. Біз, 42-ші разъездің тұрғындары, көктемгі су тасқыны кезінде өзімізге уақытпен санаспай, қол ұшын созған ішкі істер қызметкерлеріне зор ризашылығымызды білдіреміз. Әсіресе, майор Е.Сағындықов, капитан А.Хамзинге, Алматы мен Көкшетау қалаларынан келген басқа да құтқарушыларға айтар алғысымыз шексіз. Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтан ауыл тұрғындарын табиғат апатынан құтқаруда белсенділік танытқан қызметкерлерді марапаттауды да сұраймыз.

42-ші разъезд тұрғындары атынан:
Н.Аяғанов, Р.Игенбаев,
К.Майраева, барлығы 11 адам қол қойған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар