Ауыл әкімдері біліктіліктерін жетілдіруде

Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін оқыту семинарлары басталды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы облыстық прокуратурамен және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесе отырып, облыстың 247 селолық округ әкімдерін бизнестің негізіне оқытуда. Алғашқы көшпелі оқыту семинарлар Зеренді, Сандықтау, Бурабай, Атбасар, Есіл, Жақсы және Жарқайың аудандарының селолық округ әкімдерін қамтиды. Қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары кезінде әкімдер селф-менеджмент және кәсіпкерліктің негізі бойынша тренингтерге, сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша семинарларға қатысты.
 – Оқыту ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, жалпы кәсіпкерлік белсенділікті нығайту мақсатында жүргізілуде, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Фатима Герфанова. Оқыту бағдарламасы аясында тыңдаушылар өз ісін қалай құратынын, адам ресурстарын басқаруды, бизнес-жоспар жасауды білетін болады. Қысқа мерзімді курстардан кейін әкімдер алған ақпараттарын тұрғындарға жеткізеді. Мұндай тәжірибенің үлкен тиімділігі бар. Әкімдердің білім деңгейін жетілдіру арқылы өз ісін жаңа бастаған  кәсіпкерлер ісінің негізін құруға, шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру құқықтық формасын таңдауға, тіркеу үрдісін білу мен есеп-шот ашуға, есеп сұлбасы мен салық төлеуге, коммерциялық келісім-шарт құруға үйренеді. Тегін оқытуды өңірлік палатаның білікті бизнес-жаттықтырушысы жүргізеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар