Аз уақытта үлкен асулар алынды

Тұңғыш Президент ұлы миссияны іске асырды. Өмір – өзен. Егемен Қазақстан дүниеге келгеннен кейінгі оқиғалардың бәрі аға ұрпақтың есінде. Сол бір уақытты қазіргі ұлы жетістіктермен салыстыра отырып бағалаймыз.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары экономиканы дамытуды армандаған едік. Елбасы өз сөзінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына қосылғанын атап өтті. Еліміздің жаңа ғасырдағы жаңа бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясы жеті басымдықтан тұрады. Тәуелсіздіктің тартуы ретінде халқымыз баға жетпес беделді ел шекарасы, ел бірлігі, мәдениет пен туған тіл, индустриялық-инновациялық экономика, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жаһандық жауапкершілік пен барша адамзаттық бастамалар сияқты құндылықтарға ие болды.
Қазақстанның алтын қоры әлемде алдыңғы қатарда. Табиғи байлықты өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың арқасында біз алтын қорының тұрақтылығына және оның өсуіне алаңдамаймыз. Кеңес заманындағы өзге де өнеркәсіптік кәсіпорындар тәрізді алтын өндіретін «Қазақалтын» ТКМК» акционерлік қоғамы қиын сынақтан өтті. Біздің акционерлік қоғамның қазіргі өндірістік көрсеткіштері жоспарлы шаруашылық кезіндегі қол жеткізген  межені жапты. Сол кезде ондаған мың тонна өңделген кен жөнінде сөз болса, бүгінгі таңда ол миллиондаған тоннаны құрайды. Қазақалтын дамудың үдемелі жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Осы орайда, өндіру көрсеткіші жылына миллион унцияға дейін жеткізіледі. Мұндай жетістікке деген сенім жаңа технологияны игеруге, өндірісті жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты. Соның нәтижесінде соңғы екі жылда Лондон қор биржасында Қазақалтын акциясына деген сұраныс миллиард доллардан асты. Біз әлемде төртінші, Азияда бірінші орындағы алтын өндіретін компаниямыз. Соңғы жылдары әлем нарығында алтын құны өсуде. Осы орайда, өндірістік емес шығынды жою, өнімнің өзіндік құнын азайту қажет. Біз сияқты өндірістердің арқасында жас мемлекетіміз нығая түседі. Осы бағытта аянбай еңбек етеміз.

Жолшыбек ӘМЗЕБЕК,
«Қазақалтын» ТКМК» акционерлік қоғамы
бас директорының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар