«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»

Алматы қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған VІІ республикалық пәндік олимпиадалық жарыс аяқталды.

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбы аясында өткен сайыстың мақсаты дарынды жастардың өмірлік және азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, рухани-адамгершілік құндылықтарға бой алдыру. Сондай-ақ, студенттер арасында достық қарым-қатынас пен шығармашылық тәжірибе алмасуды оң жолға қою.  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері де бұл шараға белсенділік танытты. «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс студенттері Әлия Серғазина мен Жібек Омарова қатысып, «Көркемдік білім берудегі инновациялық модернизациялау әдістерін студент көзқарасы тұрғысынан қарастыру» тақырыбы аясында мәдени жобаның тұсаукесерін жасады. Сыннан сүрінбей өткен «Жас Шоқан» командасы он төрт жоғары оқу орындарының ішінде бірінші орынға қол жеткізіп, абырой биігінен көрінді.
Бұл жеңіс – біздің университетіміздің жетістігі болып саналады. Толайым табыстарға қол жеткізуіміз осындай игі істердің бастамашысы болып, студенттердің терең білім алуына барлық жағдайды жасап отырған университет басшылығы мен ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегі деп білген жөн.
Айдар ҚОЖАБАЕВ,
Шоқан Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар