Бүкіл елімізден келді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және салық, кеден қызметтерінің құрылуына да ширек ғасыр толуына  арналған республикалық мини-футбол біріншілігіне еліміздің барлық аймақтарынан командалары қатысты.

Бурабай курорттық аймағындағы «Жақсы» спорт кешенінде өткен жарыстың салтанатты ашылуына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, мемлекеттік кіріс комитеті орталық аппаратының өкілі Ілесбек Сейдахметов қатысты.
Екі күнге созылған турнирде 48 кездесу өткізіліп, соған орай жарыс жеңімпаздары айқындалды. Жанкүйерлерін бірде қуантып, бірде күйіндірген кездесулердің бәрі аса тартысты өткенін айтқымыз келеді. Командалардың бәрі жеңіс үшін барын салып, аянып қалмады. Десек те, жарыс болған соң жеңімпаз болатыны белгілі. Жүзден жүйрік шыққан алматылықтар бас жүлдені қанжығаларына байлады.
Ал, екінші орын қарағандылықтардың еншісіне тиді. Жүлделі үшінші орынды ақмолалықтар иеленді. Тағы бір ақмолалық Сергей Ящук «Пайдалы ойыншы» деген атаққа ие болғанын атап өткен артық болмас. Жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар