Бәрімізге ортақ іс

Бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 40-шы кезекті сессиясында қала әкімі Ермек Маржықпаев депутаттар алдында облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы есеп берді.

Бұл жолғы сессия отырысында қаламыздың түрлі салаларда дамуы, шешілмей тұрған кейбір проблемалары жайлы кеңінен айтылды. Өңірдегі «КАМАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы, «Молоко Синегорья», «AGRIMER-ASTYK» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өнім өндіру қарқыны жақсы жағынан атап өтілсе, жұмыстары біраз бәсеңдеген кәсіпорындар да айтылмай қалмады. Мәселен, өткен жылдардағыға қарағанда «Көкшетау минералды сулары», «Тыныс», «НОВОПЭК»,  «ENKI» серіктестіктерінің тауар өндірісі біршама төмендеген.
Алайда, қала келбетіне қатысты қуана қарайтын жайттар аз емес. Жыл сайын тұрғындар үшін салынып жатқан көпқабатты үйлер көбейіп, жолдар жөндеуден өткізілуде. Осының бәрі Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың депутаттар алдында берген есебінде айтылды.
Әкімнің баяндамасын тыңдаған халық қалаулылары біраз мәселелерге қанықса, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рүстем Шериязданов соғыс ардагерлерімен қатар, тыл еңбеккерлері де қоғамдық көліктерде тегін жүрсе деген өтініш білдірді. Қала әкімі осы сұрақты қолға алуды «Жолаушылар тасымалы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Рүстем Қалышевке тапсырды.  Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгертулер енгізіліп, №16 сайлау учаскесі бойынша қалалық мәслихат депутаты Сәкен Рақымжанов алдағы уақытта өткізілетін қалалық мәслихат сессиясының төрағасы болып сайланды.     

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар