Бай болуға да ақыл керек

Бай болғысы келмейтін адам жоқ шығар. Десе де, байлық екінің бірінің басына қона салатын бақ құсы емес. Ол үшін тапқырлық, ақыл-айла да қажет.

Нью-Йоркте бір банктің алдына келіп тоқтаған қымбат бағалы көліктен түскен адам банкке кіріп жедел кредит керектігін айтады. Бұндай кредит не үшін керек деген сауалға ол: «бір аптаға шетелге баратын едім, сол үшін бес мың доллар ақша қажет» – деп жауап береді. Банк қызметкері клиент туралы ақпарат алғаннан кейін оның қарыздары жоқтығын анықтайды. «Қаржы жағдайыңызды қарадық. Кредитті алуыңызға ешқандай кедергі жоқ. Бірақ, біздің банкпен бұрын жұмыс істемеген екенсіз. Сізді танымаймыз. Сол себепті, кредитті беруіміз үшін сізден кепілдік талап етуге мәжбүрміз»,– дейді банк қызметкері. Әлгі адам сол арада үстел үстіне құжаты мен машинасының кілтін қояды. «Өте асығыс едім, жедел ұшуым керек, кепіл ретінде есік алдында тұрған қымбат көлігімді алыңыз», – дейді.
Оның көлігін көрген банк қызметкері бір ауыз сөзге келмей сол арада жедел құжаттарын толтырып, сұраған ақшасын береді. Қымбат көлік мінген, сөйте тұра ауыз жарығысыз бес мың доллар кредит алған клиент туралы ақпарат жинайды. Сөйтсе, әлгі мыңғырған бай адам екен. Бір аптадан кейін клиент банкке келіп алған бес мың долларын және өсім ретінде 9,5 долларды қоса қайтарады. Банк қызметкері шыдай алмай одан: «Сіз өте бай бизнесмен екенсіз, сөйте тұра өзіңіз үшін арзымайтын сомадағы бес мың доллар кредит алғаныңыз қалай?» деп сұрайды. Сонда әлгі бизнесмен: «Мынадай люкс көлігімді бір аптаға 9,5 долларға қайда қояр едім», – деп жауап береді.
Теңге тиыннан құралатынын ескерсек, қалталы кәсіпкер болу үшін де әр тиынды үнемдей білетін ақыл-айла қажет екен.
Дайындаған Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар