Бала уызынан жарығаны жөн

Ұлттың қуаты – тілінде. Тіл – әр ұлттың жан дүниесі болғандықтан, оны ұлтымыздың болашағы балабақшадан бастаған абзал. Ол үшін балалардың қазақша ойлауын, қазақша сөйлеуін қамтамасыз ететін тілдік орта қалыптастыруымыз керек.

Бала тәрбиесіндегі мамандар оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың сапасын арттыруға және оны өз басынан бастау қажеттілігін сезіну, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, дұрыс сөйлеу, тілге құрметпен қарауға баса назар аударуымыз қажет.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде  баланың тілін дамыту білім сапасын арттыруға ықпал етеді, ол үшін жалпы жағдайларды жақсарту және ана тілінде сөйлеу, тілдік орта қалыптастыру басты міндет болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыруда біріншіден, баланың тілін дамытуға арналған арнайы орта қалыптастыру қажет, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, балабақша басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен атсалысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал еткені ләзім. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және балаға берілетін білім мен тәрбие үдерісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден, балабақшаларда еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырғаны әсерлі болмақ. Соңғы кезде тілі кеш шығатын балалар көбейді. Балабақшада балалар қазақ тілінде тәлім-тәрбие алса, үйде ата-аналары орысша сөйлеуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі балалар көбіне-көп мобильді телефондарға әуес. Ал, ата-аналар болса баланың қай тілде мультфильм көріп жатқанын бақыламайды да. Сол себепті, ондай балалардың тілі кеш шығады. Шұбарлап сөйлеп үйренген балдырған өз ойын тез жеткізе алмай қиналады. Туған тіліне уызынан жарыған балалар ешуақытта да өз тілін өгейсітпейді. Ендеше, балдырғандарымызға туған тілдің қасиетін қаршадайынан құлағына сіңіре берейік.
Айнагүл АХМЕДИЯРОВА,
Көкшетау қаласындағы №36 «Аққу» балабақшасының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар