Дайындық мәселелерін пысықтады

Облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель ауыл шаруашылығы құрылымдарын аралап көріп, көктемгі егіс науқанына дайындықтың барысымен танысты.

Өңір басшысы орынбасарының жұмыс сапары «Milk Project» серіктестігінен басталды. Серіктестіктің атқарушы директоры Әсемгүл Әшімова сүт өңдейтін зауыттың жұмысымен таныстырып, аудандағы тауарлы сүт фермасы құрылысы жобасының тұсауын кесті. Егор Каппель одан әрі «Ұмай Жер», «Дихан Плюс» және «Грин Азия» серіктестіктерінің шаруашылықтарында болды. «Ұмай Жер» серіктестігінің директоры Ықылас Мұқашев өз сөзінде 8 мың гектар егістік алқабының ылғалын жапқандарын атап өтті. Ауыл шаруашылығы техникасы мен тұқым қоймасын көрсетті. Облыс басшысының орынбасары «Дихан Плюс» серіктестігінің өндіріс нысандарын көріп, бұл ауданда жер өңдеу мәдениеті облыстың өзге өңірлердегі қырманы мен тұқым қоймасы жоқ шаруашылықтардан жақсы екенін атап өтті. Серіктестік еңбеккерлерінің орташа айлық еңбекақысы 110 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, шаруашылық ауылдың дамуына өз үлесін қосуда. Егор Каппель жұмыс сапарының соңында селолық округ әкімдерімен және ветеринария, жер қатынастары бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізіп, жұмыс сапарын қорытындылады. Аталмыш шаруашылықтардың жақсы жұмысын атап өтіп, оң бағасын берді. Ауыл шаруашылығы саласының, ветеринария мен өзге де салалардың алда тұрған міндеттері жөнінде айтты. Жұмыстарына алғысын білдіріп, биылғы жылдың көктемгі егіс науқанын ойдағыдай өткізуді тіледі. Сапар барысында облыс әкімінің  орынбасарымен  аудан әкімі Асқар Мұратұлы бірге болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар