Дельфийлік ойындар мәресіне жетті

Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының VI облыстық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Облыстық байқауға Көкшетау, Степногорск қалалары мен Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер, Есіл, Зеренді, Сандықтау аудандарынан барлығы 190 үміткер қатысты. Олар фортепиано, сырнай мен аккордеон, халықтық би, көркемөнер сайысы, театр, киім дизайны, халықтық аспап, дәстүрлі, эстрадалық ән, тележурналистика, қолданбалы-сәндік өнер, фотосурет аталымдары бойынша сынға түсті.
Жоғарыда аталған аталымдар бойынша Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінен Айнаш Болатова, «Жарқын» би ансамблі, «Ұшқын» театры, Біржан сал атындағы Көкшетау музыка колледжінен Айнабек Оразалы және Лаура Арсеньева, Азамат Қадыл, Көкшетау мен Степногорск қалаларының балалар музыка мектебінің оқушылары Шыңғыс Русин мен Тимур Крутевич, Бурабай ауданынан Аруна Қазыбек, Көкшетау қаласының балалар көркемсурет мектебінен Шәмшия Сейдахметова, Динара Мұхаметқалиева, Зеренді ауданына қарасты Ақадыр орта мектебінен Жанбота Жәнібек, облыс орталығының іргесіндегі Краснояр селосынан Геннадий Пархоменко, Еңбекшілдерден Айбат Төлеухан мен Ольга Фролова, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен Нұржан Юмашев жеңіске жетті. Жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздар мен жүлдегерлер алтын, күміс және қола медальдарға ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар