Құдықағаш – Рамазан Елебаевтың ауылы

 

Өткен жексенбі күні Құдықағаш ауылында болып өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға аудан әкімі Асқар Қиықов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

 

Шараға келген тыл ардагерлері, ауыл тұрғындары, жырақта жүрген ауыл тумалары мен меймандар алдымен, Ұлы Отан соғысы майдангерлеріне арналып орнатылған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Сонау ел басына күн туған қаралы жылдары бұл ауылдан 160 азамат қолына қару алып, қан майданға аттанса, одан тек 37 жауынгер елге оралған. Өзге боздақтар майдан даласында қаза тапқан көрінеді. Бүгінгі күні елге оралған майдангерлердің Жақия Қанғожиннен өзгесі өмірден өтіпті. Салтанатта ауыл тумасы Қайыргелді Ақылбекұлы  Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдерін атап өткеннен кейін оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Салтанатта осы шараны ұйымдастырған облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов сөз сөйлеп, сонау сұрапыл соғыс әр шаңыраққа қайғы-қасірет әкелгенін, оның жарасы әлі күнге дейін жазылмай келе жатқанын, сазгер, әйгілі «Жас қазақ» әнінің авторы Рамазан Елебаев сияқты өзге де ауылдас майдангерлердің ерлігі мен тыл ардагерлерінің қажырлы еңбегін атап өтті. Ауылдастарының атынан соғыс және еңбек ардагері Жақия Қанғожиннің иығына шапан жапты. Шараны өткізуге бір кісідей атсалысқан ауылдастарына алғысын білдірді. Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагері Жақия Қанғожин Астанада өткен әскери парадқа қатысқанын айтып, аспанымыздың ашық болуын тіледі,  өзіне сыйланған телевизорды жергілікті мектепке байлады.
Ауыл тұрғындары атынан сөз алған Мәнтай қажы Жүсіпов шараға дайындалу барысында ауыл көшелері абаттандырылып, жолдар жөнделгенін жеткізді. Сондай-ақ, шара демеушілерінің есімдерін атады. Бұдан кейін Еңбекшілдер ауданының құрметті азаматы Қайыргелді Әкімбеков өз сөзінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, шараны өткізген ауыл азаматтарына алғысын білдірді. Салтанатқа қатысушылар Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойына арналған облыстық сайыста үшінші орыннан көрінген Құдықағаш мектебіндегі «Жас ұлан» тобының өнерлерін, аудандық мәдениет үйі өнерпаздары мен мектеп оқушылары әзірлеген концерттік бағдарламаны және спорттық сайыстарды тамашалады.
Шара соңында  Ұлы Отан соғысы қатысушыларының аруағына құран бағышталып, ас берілді.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар