Екінші толқын да келіп жетті

Жекешелендірудің екінші толқыны экономикада мемлекеттің қатысуын қысқартуға және жаңа саладағы жеке бизнесті дамытуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында Ақмола облысы бойынша он бір ұйым бәсекелі ортаға беріледі.

Оның ішінде «Степногорск – Тазалық» серіктестігі сатылды. «Атбасар қаласының жолаушылар тасымалы» серіктестігі өтінім бермеуінің салдарынан тендер үш рет өткізілген жоқ. «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын банкроттық басқарушысы сатты. «Көкшетау қала кадастры» серіктестігі таратылуға жатады.
2017 жылы бес нысанды сату жоспарланып отыр, оның ішіне «Спорттың ойын түрлері бойынша спорт клубы», «Көкше-Жәрдем»,  «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары, «Арлан» кәсіби хоккей клубы», «Көкше — Қамқор» серіктестіктері кіреді. «Оқжетпес» футбол клубы» мен «Бурабай» спорт сарайы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарын сату мерзімі Мемлекет басшысының ел халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2019-2020 жылдардан 2018 жылға ауыстырылды. Сонымен қатар, Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы
3 наурыздағы №А-3/372 қаулысымен биылғы жылы жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншіктің тізбесі бекітілді. Осы орайда, саудаға 58 автокөлік және 1 жылжымайтын мүлік нысаны қойылады.
 Жекешелендіруге жататын мемлекеттік мүлік нысандары туралы ақпарат www.gosreestr.kz. веб-сайтында орналасқан, ол ашық, қолжетімді және кез-келген адам  қажетті ақпаратпен таныса алады. Қолданыстағы заңға сәйкес, сауда өткізу туралы жарнама 15 күн бұрын мерзімді баспаларда жарияланады. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі сауда мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – «Ақпараттық-есеп орталығы» акционерлік қоғамы www.gosreestr.kz  сайтындағы электронды нысанда өткізеді. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша саудаға белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады.
Облыстық қаржы басқармасы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *