Ел келешегін айқындап берген маңызды құжат

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру мақсатымен облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері өңірлерге шығуда. Осы орайда, облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов Степногорск қаласы активімен кездесті.

Қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен кездесуде облыстық қаржы басқармасының басшысы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында өңірдің мемлекеттік органдары алдында тұрған негізгі міндеттерді түсіндірді. Талғат Бөлтенов өз сөзінде 2016 жыл облыс үшін нәтижелі болып, көптеген көрсеткіштер бойынша ел өңірлері арасында алдыңғы қатарға шыққанын атап өтті. Мәселен, біздің өңірде елдің барлық астығының 25 пайызға жуығы өсіріледі. Тек қана
біздің облыста жүк көлігі мен подшипниктер жасалады. Сондай-ақ, алтынның үштен бірі өндіріледі. Дегенмен, шешілмеген міндеттер де барлығын атап өтті.
–Біз шағын және орта бизнесті дамытып, оны азаматтардың әл-ауқатының негізі және бюджет кірістерінің көзі етіп жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытып, жанымызда орналасқан Астананы жоғары сапалы азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз етуіміз қажет. Астананың айналасындағы азық-түлік белдеуін нығайту үшін жаңа құс фабрикалары мен мал бордақылау алаңдарын салуды жалғастыруымыз керек. Бұл астанамыздың азық-түлік қауіпсіздігіне кепілдік береді. Облыс басшылығында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту жөнінде үлкен жос-парлар бар. Біздің облыс бүгінгі таңда аграрлықтан аграрлық-индустриялық өңірге айналмақ,– деді ол. Кездесу барысында қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шолпан Төлегенова 2016 жылғы жұмыстардың қорытындысы және Елбасының биылғы Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтарды орындау аясында биылғы жылдың келешегі жөнінде хабарлама жасады. Кіріс бойынша 2016 жылдың бюджеті 100,1 пайызға, шығын бойынша 99,7 пайызға орындалып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды қолдау, білім және мәдениет ұйымдарының материалдық базасын нығайту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар