Ел тарихын екшейтін еңбек

Соңғы жылдары ел тарихына қатысты соны деректерді індете іздеп, жинақтап, сүзгіден өткізіп, жиі жариялап жүрген жерлес ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қасымхан Құсайыновтың «Казахия» – страна Великой степи» деп аталатын жаңа жинағы жарық көрді.

Ел тарихын екшеген еңбек орыс тілінде жазылған. Ұтымдысы ормандай қалың орыс тілді оқырман тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған, тың тарихи деректер топтастырылған осы бір жинақ арқылы жергілікті ұлт тарихымен таныса
алады.
Ғалымның еңбегінде ұлт тарихына қатысты бағыттар көп. Алаштың айтулы тұлғаларының өлмес еңбектерімен қатар, көне замандағы тіршілік көзі, әлеуметтің әл-ахуалы, тіпті, сол кездегі экономиканың күңгейі мен көлеңкесі де бар. Қысқа қайырып айтқанда, жан-жақты танымдық дүние.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар