Елдіктің асыл тірегі

Алдымыздағы Конституция күні қарсаңында облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өңірде «Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң» автошеруі ұйымдастырылды.

Көкшетау қаласынан бастау алған шараға 25 жеңіл автокөлік пен 5 мотоцикл қатысты. Бұл көліктер облыс орталығының бас көшелерімен  жүріп өтіп, Зеренді ауданына ат басын  тіреді. «Zello» онлайн-жүргізушілер  қауымдастығы ұйытқы болған шеруде әсіресе, байкерлер белсенділік танытып, еліміздің Мемлекеттік Туларымен мото-шоу ұйымдастырды.  
Аудан орталығында өткен салтанатты шара барысында облыс орталығынан келген патриот азаматтарды қарсы алған Асқар Мұратұлы елдіктің айбыны Ата Заңның мәртебесін асқақтатудың әрбіріміздің азаматтық борышымыз екенін айтты.
Ал, облыстық ішкі саясат басқармасы басшының орынбасары Оксана Салахова мен «Zello» Көкшетау онлайн-жүргізушілер» ғаламтор арнасының модераторы Бахтияр Ноғайбаев аталмыш автошерудің жастардың рухын көтеріп, Конституцияның маңызын ұғындыруға бағытталғандығын тілге тиек етті. Шамамен бес жүздей аймақ тұрғыны қатысқан шара соңы концертпен және мерекелік би кешімен өз жалғасын тапты.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар