Ерлік сабағы

«Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қалалық қазақ кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығына орай, «Ел ұраны – ел қорғаны» атты ерлік сабағы өтті.

Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, туған жері мен еліне деген құрмет сезімін ұялату мақсатында ұйымдастырылған сабаққа «Бурабай» колледжінің оқушылары мен қала жастары, кітапхана оқырмандары қатысты.
Сабақ барысында өз өмірлерін қатерге байлап, ерліктің үлгісін көрсеткен Көкшетау қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Сергей Авершин мен осы бөлімнің жүргізушісі Юрий Новосельцев тартымды естеліктерімен бөлісті. Олар осы ерліктері үшін «Айбын» орденімен және  «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.
Шара барысында отансүйгіштік тақырыбында бейнефильм көрсетіліп, Ақан сері атындағы Көкшетау  мәдениет колледжінің оқушылары ән шырқады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар