Иран ағаның жүлдесі

Астана қаласындағы «Конгресс-Холл» сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, ардагерлер ұйымдары көркемөнерпаздарының республикалық «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты байқау-фестивалінің гала-концерті болып өтті.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шарада қатысушылар ән, музыкалық аспапта ойнау, музыкалық және ауыз әдебиеті фольклоры, жыр мүшәйрасы, би конкурсы  аталымдары бойынша шығармашылық мүмкіндіктерін саралады.
Байқау барысында халық шығармашылығының әртүрлі жанрлары бойынша соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінен құралған шығармашылық ұжымдардың және жеке орындаушылардың өнерін мәдениет саласының үздіктері сараптап, саралады.  
 Гала-концертте көпшілікке танымал ақын, әнші-сазгер Иран Тасқара облыс намысын қорғады. Мәдени шарада алғашқылардың бірі болып сахнаға шыққан Иран Тасқара аға ұрпақ өкілдеріне деген шексіз құрметі мен перзенттік борышы ретінде өзінің арнау әнін айтып, көпшілікті сазды әуенімен тербеді. Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Иван Панфилов, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Леонид Беда сынды  батыр ұлдардың есімдерін жырына қосып, Ұлы Отан соғысындағы халықтың ерен ерлігін әніне арқау еткен ақынның орындаушылық шеберлігі көптің көңілінен шықты.
Фестиваль қорытындысына орай, Иран Тасқара «Өткір сөздің шебері» аталымы бо-йынша жүлделі үшінші орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.
    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар