Өңірдің шежіресі

Облыстық  мемлекеттік мұрағатта  «Тәжірибе, мәселе, даму» тақырыбында  брифинг өтті. Оған мұрағат саласы қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ұлттық мәдениет пен тарихи деректердің, маңызды құжаттардың барлығы  мұра болып сақталуында  мұрағаттың  атқаратын рөлі зор. Отырыста облыстық мемлекеттік мұрағаттың басшысы Гүлбаршын Салық жиналған қауымға аталмыш мекеменің 1939 жылы ашылғанын айта кетіп, мұрағаттағы ең көне құжаттарды көрсетті. Ол құжаттар 1724 жылдан бастау алады. Бертінгі құжаттар көбіне болыстық атқару комитеті, комиссариаттар мен болыстық ревком, уездік бөлім  және сол кездегі денсаулық сақтау, білім мәселелеріне қатысты болып келеді.  Мұрағат үшін бүгінгі таңда қордағы көп пайдаланылатын құжаттарды сақтау өзекті болып отыр. Өйткені, оларға деген сұраныс  күн сайын артып келеді. Әрине, жоғарыдағы ескі құжаттардың да жөні бір бөлек.  
Бүгінгі таңда облыстық мұрағатта 1385 қорда түрлі құжаттар сақталған.  Соның ішінде 6243 құжат  арнайы жәшіктерде сақталып отыр. Жыл сайын құжаттарды қайта көшіріп, жаңарту жұмыстары да  жүргізіледі. Бүгінгі күнде мұрағат  қорындағы ең  күрделі мәселе – құжаттардың реставрациядан өткізілуі. Биылғы жылы ол  290 бірлік пен 408 бетті қамтыған. Бұдан әрі құжаттардың сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гүлнәр Қанафина жиналған қауымға осы мәселелер жайында толығырақ айтып, құжаттарды қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүргізілетінін айтып берді. Бұдан кейін жиналғандар бұрынғы Қазақ КСР  Білім беру министрі, жерлесіміз Қажахмет  Балахметовтың 90 жылдығына орай  ұйымдастырылған көрмемен танысты.    

Назгүл РАБИЛОВА.
Суреттерді түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар