Көңілімізден шығуда

Құрметті редакция! «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын, жаманның жамандығын айт – құты қашсын» деген бір атаулы сөз бар қазақта.

Бурабай ауданының Успено-Юрьев ауылына ат басын тіресеңіз, ауыл қотанынан ақшаңқан орта мектепті көресіз. Сырты да, іші де көз тартарлық. Биыл үлкен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әртүрлі кабинеттер өз пәндеріне сәйкес жабдықталған. 2010 жылы ашылған «Шағала» атты шағын орталығы да бар. Оған да жол тартылып, су берілген. Мұнда жұмыс істеп келе жатқан тәрбиешілер Е.Ерешенко, О.Жұлдыздардың қазақшаны жетік білетіні қуантады. Асханасы да түгелдей жаңартылған. Балаларды күніне бір рет ыстық тамақпен қамтамасыз етеміз, дейді мектептің аға аспазы С.Криворучка. Тағы да айта кетерлігі, мұғалім К.Гарлукович көкөністің барлық түрін өзі егіп, баптайды. Оны үнемі мектеп жанындағы жылыжайда көруге болады. Технология пәнінің  мұғалімі Г.Ермоленконың кабинетіне кірсеңіз, қазақтың кең даласында киіз үйге кіргендей боласыз. Н.Коконец  информатика пәнінің мұғалімі.
–Қазір компьютер, ғаламтордың заманы ғой, сондықтан, балалар алғашқы мағлұматты осы пәннен алады,– деп өз жұмысына сүйіспеншілігін аңғартып қояды.
Мектепте көп жылдар бойы қажыр-қайраттарын сарп етіп, еселі еңбек етіп келе жатқан М.Топорова, М.Мұқанов, А.Мұқанов, Ж.Файзуллина, А.Швецова, Л.Әлімғожина, тағы басқаларын ерекше айтуға болады.
«Кітап – білім бұлағы» десек те, қазір кітап оқитын адамдар некен-саяқ. Соған қарамастан, ауылда екі кітапхана жұмыс істейді.  Біреуі  ауылдық, екіншісі мектептің кітапханасы. Бұрынғы ақын-жазушылар мен қазіргі қаламгерлердің кітаптары толып тұр. Кітапханашылар Т.Токарь, Г.Лепп қазақтың қай ақын-жазушысының кітабын сұрасаңыз да, зыр жүгіріп тауып береді.
Мектеп тазалығына оның күрделі, қиын жұмыстарын атқаратын қарапайым жұмысшылардың үлестері зор. Атап айтсақ, ішкі шаруашылық істеріне жауапты А.Сосункаев, Г.Сластухина, Л.Шапочка, А.Нығыметжанова, Ә.Темірханова, Ш.Молдашевалар осындай жандар. Сөз соңында көңілімізден шығып отырған мектебіміздің оқушылары көп болып, көркейе берсін дегім келеді.
О.НЕКЙА.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар