Көлік қозғалысы қалпына келтірілді

Бұдан бірер жыл бұрын Көкшетау қаласындағы Абай көшесінің орталық бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылып, онымен жаяу жүргіншілер ғана жүріп-тұру мүмкіндігіне ие болған еді.

Мұның өзі облыс орталығында көлік қатынасы мәселесінде белгілі бір қиындықтар туғызып, жуырда жаңадан тағайындалған облыс әкімі Мәлік Мырзалинге әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар  тарапынан көшенің осы аралығында бұрынғы көлік қозғалысын қайта қалпына келтіру жөнінде өтініш-тілектер айтылған еді.   
Бірер күннен бері  Абай көшесінің осы тұсында көлік біткен  қайта жүре бастағанын көрген біз осы жұмыспен айналысатын Көкшетау қалалық жол, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бөліміне телефон шалып, мән-жайды білген едік. Расында, жоғарыдағы ұсыныс  ескеріліп, көлік қозғалысы қайыра қалпына келтірілген екен. Енді ол жердегі жаяу жүргіншілер жолағы қайта жаңартылып, жол белгілері қойылмақшы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар