Кезең-кезеңмен іске асырылуда

Өңірлік коммуникация-лар қызметінде тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы саласында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы  брифинг болып өтті.
Алдымен, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченко «Нұрлы жол» бағдарламасы жөнінде түсінік берді. Бұл бағдарламамен сумен, жылумен және газбен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы жүргізілмейді. Тұрғын үйлер, жолдар және өзге де нысандар салынуда. Біздің басқарма арқылы сумен және жылумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы жүргізіледі. Әр саланың кәсіпорындары осы бағдарлама арқылы 20 жылға несие ала алады.
Несиенің қайтарымы алты жылдан кейін төленеді. 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында басқарма бойынша Краснояр селосындағы блоктік-модульдік бу қазандығының және Есіл қаласындағы бу қазандығының құрылысы, Көкшетау қаласының Қопа көлі жағалауындағы тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік жүйесін қалпына келтіру тәрізді жобалар жүзеге асырыла бас-тады. 2015-2016 жылдары бұл нысандар бо-йынша 5,1 миллиард теңге игеріліп, екі нысан пайдалануға берілді. Краснояр селосындағы бу қазандығы мен Қопа көлі жағалауындағы инженерлік жүйе пайдалануда.
Есіл қаласындағы бу қазандығының құрылысы бойынша екі жыл ішінде 2,5 миллиард теңге игерілді. Нысан келесі жылы пайдалануға берілгенде, мұндағы бұрынғы он бу қазандығы жұмысын тоқтатады. Шетте орналасқан бу қазандығы қаланың экологиялық жағдайы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, күл мен көмір шаңынан тұрғын үй аулаларын тазалау қаланың әлеуметтік дамуы-на оң ықпалын тигізеді. 2016 жылдың қазан айында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор қаржысынан 2,9 миллиард теңге бөлініп, сумен қамтамасыз ету жүйесі бойынша 2 жоба жүзеге асырыла бастады. Степногорск қаласының сумен қамтамасыз ету және кварталішілік су құбыры жүйелерін қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлінді.
Жобалар бұрынғы су сорғыш қондырғыларын қазіргі заманғы су сорғыш қондырғыларына толық ауыстыруды, шағын аудандардың, білім мен денсаулық сақтау нысандарының сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіріп, 65 мың адамды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуді қарастырады. Степногорск қаласындағы Ақсу мен Заводской кенттерінің сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге де қомақты қаржы бөлінді.
Жоба сапалы, қолжетімді және үзіліссіз су тұтынуды қажетсінетін Ақсу мен Заводской кенттерін орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру 3,5 мың адамды сумен қамтамасыз етеді. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор қаржысынан 4 жобаны жүзеге асыруға қомақты қаржы бөлінді. Оның ішіне Есіл қаласындағы бу қазандығы құрылысын жалғастыру және Ақсу мен Заводской кенттеріндегі сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруді аяқтау кіреді. Сондай-ақ, Шаңтөбе кентінде бу қазандығының құрылысы басталады. Жарқайың ауданының Державинск қаласында тазалағыш нысаны бар кәріз жүйесі қалпына келтіріледі. Брифинг соңында басқарма басшысы Виктор Радченко журналистердің сауалдарына жауап берді.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар