Конституцияға арқа сүйейміз

1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум арқылы тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған болатын. Әлем елдерінің озық тәжірибелерін негізге ала отырып жасалған Ата Заңымыз еліміздің президенттік республика болу бағдарын айқындап, демократиялық даму үрдісін негіздеп берді. 

Құқықтық демократиялық зайырлы қоғам орнату жолына түскен Қазақстанда барлық биліктің қайнар көзі халық екендігі Ата Заңда нақты тұжырымдалған. 98-баптан тұратын Конституцияда еліміздің демократиялық жолмен дамуына жол ашатын заңдық негіз жасалды. Конс-
титуция қабылданғалы бері өткен 22 жыл уақыттың ішінде әлеуметтік-экономикалық салалардағы қол жеткен жетістіктеріміздің бәрі Ата Заңымыздың негізінде жасалған заңдар арқылы келгендігі анық. Конституциямыздың тарихи маңызы да дамып, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнымызды алуымызбен өлшенеді десек, артық айтқандық болмайды.
Биліктің қайнар көзі халық деп жариялаған Конституциямыз президенттік билікті нық орнықтырды. Халық атынан билік жүргізу құқығы Президентке және Парламентке берілген. Халық атынан билік жүргізетін Президент заң шығарушы, сот және атқарушы биліктің ымыраластықпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Конституцияда әрбір адамның құқығы дүние есігін ашқан кезден бастап қалыптасатындығы және әрбір азамат өз құқығын заң арқылы қорғай алатындығы тұжырымдалған. Адам құқықтары сот арқылы қорғалады.  Сондай-ақ, Ата Заңда әрбір азаматтың өмір сүруге, шығармашылықпен айналысуға, діни сенім-нанымын өз қалауынша таңдауына, еңбек етіп, демалуына, денсаулығын сақтауға, тегін орта білім алуына және тұрғын үй меншігін иеленуге құқылы екендігі көрсетілген.
Туған күнінен бастап ие болатын конституциялық құқықтары абсолютті және одан айыруға еш жол берілмейтіндігі Ата Заңда нақты көрсетілді. Қазақстан азаматы ешқандай жағдайда азаматтығынан айрылып, ел аумағынан қуылуға, өзге елге берілуге болмайтындығы да Конституцияда орын тапты. Біздің мемлекетіміз өзінің әрбір азаматының құқықтары мен бостандықтарын өз елінің аумағында ғана емес, шет елдерде де қорғауға кепілдік береді.
Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етуде 2002 жылдың 18 наурызында қабылданған «Әділет органдары туралы» Заңның маңызы зор. Әділет органдары атқарушы билік тармағына жатады және мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың заң шеңберінде өмір сүруін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, олардың құқықтары мен мүдделерін заң арқылы қорғайды.  Аталмыш заңда көрсетілгендей, әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі орталық мемлекеттік органдар мен  жергілікті органдардың қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерін тіркеуді жүзеге асырады. Еліміздің заңдық негіздерін Конституция мен заңдар және нормативтік актілер құрайтынын ескерсек, әділет органдарының бұл қызметінің мәнін түсінеміз. Әділет органдары тіркелген нормативтік-құқықтық актілердің ең алдымен, Конституцияға сәйкестігіне назар аударады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қаржы, басқа да салаларының қызметі түгел нормативтік-құқықтық  актілермен реттеледі.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап Конституциямыздың барлық әлеуетін толыққанды пайдалану қажеттігін айтып келеді. Бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылып та  жүр. Қазіргі еліміздің қол жеткен жетістіктерінің бәрі де Конституциямыздың негізінде дайындалған заңдар арқылы жүзеге асып келе жатқаны осының айқын дәлелі.

Анатолий ДЕРМАНОВСКИЙ,
облыстық әділет департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар