Құлағымыз неге шыңылдайды?..

Мұхаммед пайғамбар миғраж сапарында алып бәйтеректі көреді. Ағаштың жапырағына сан жетпейді.
Әр жапырақта өмір сүріп жатқан адамдардың аттары жазылыпты. Пайғамбар Жебірейілден:
– Бұл не? – деп сұрайды. Жебірейіл:
– Бұл – адамның тағдыры. Кімнің дәм-тұзы таусылса, жапырақтың біреуі үзіліп жерге түседі. Жапырақ қиылғанда адамның өмірі қоса үзіледі. Жапырақ жерге түскенше, марқұм болған адаммен аттас пенделердің құлақтары шыңылдайды. Яғни, періштелер: «Сенімен аттас бір адам дүниеден өтті. Бұл күн сенің де басыңа келеді», – деп тірілердің есіне өлімді салып тұрады.  Егер ол марқұм пейішке кетсе, тірінің оң құлағы шыңылдайды. Ал, егер тозаққа кетсе, аттасының сол құлағы шыңылдайды, – дейді.
Пайғамбар миғраждан қайтқан соң, үмбеттерін жинап алып:
– Оң құлақтарың шыңылдаса, «Субхан Алла» деп айтыңдар, сол құлақтарың шыңылдаса, «Астапыралла» деп тәубе етіңдер, – деген өсиет айтыпты. Мұны біздің де біле жүргеніміз артық болмас.

Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар