Өлкенің өміршең тынысы

 Аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен балалар шығармашылық үйінің «Азия желі» командасы өңірдің бірқатар елді мекендерін жаяу жүріп   өтіп, өлке тарихымен танысты.

  Жолаушылар Кеңес – Азат – Қарасай – Тасмола өзені мен Ерейментау ауданындағы Нецветаево – Еленино ауылдары бағытында жүрді. Александр Казаченко жетекшілік еткен команда құрамында  Бауыржан Елемесов, Виктория Малярчук, Виктория Пономаренколар болды. Саяхатшылар  Ақкөл ауданының Қарасай ауылы мен Ерейментау ауданының Еленовка ауылдарының арасындағы 135 шақырым атырапты танып, білуге мүмкіндік алды. Осылайша өскен өлкенің таңғажайып табиғаты мен тамыры терең тарихына қаныққан жас ізденушілер алдағы уақытта өзге өңірлерге сапар шегуге деген зор құлшыныспен үйлеріне оралды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар