Ұлы Жеңіс марапаты

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев «Достар» мәдениет үйінде өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеп, соғыс және тыл ардагерлеріне «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 70 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.

  Қала әкімі өз сөзінде  мемлекет соғыс және тыл ардагерлерін қамқорлыққа алып отырғанын атап өтті. Қазір Көкшетау қаласында Ұлы Отан соғысының 69 ардагері тұрады. Оларға жыл сайын әр- түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мәселен, биыл майдангерлер мен соғыс мүгедектері үшін республикалық бюджеттен 100 мың теңге, облыстық және қалалық бюджеттен 150 мың теңге көмек көрсету  қарастырылған.
Сондай-ақ, Ленинград блокадасында жұмыс істегендер, концлагерьде зардап шеккен жасөспірімдер, қайтыс болған боздақтар мен соғыс мүгедектерінің әйелдері, соғыс жылдарында алты айдан астам жұмыс істегендер, марапатталған тыл ардагерлері, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының құрамында қызмет еткен ардагерлерге де ақшалай әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 113 миллион теңге бөлінді.
Шара соңында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рүстем Шериязданов пен тыл ардагері
Владимир Луганский ерлік пен еңбектің еленгеніне, құрметтелгеніне алғыс айтты. Салтанат соңы мерекелік концертпен жалғасты.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар