Мұзда жүру – қауіпті

Бүгінгі таңда күннің көзі арқан бойы көтеріліп, өзен мен көлдердің мұзы жұқара бастады.

Көктемде мұз үстінде жүру өте қауіпті болғандықтан, әуесқой балықшылар мен балалардың абай болғандары жөн. Қауіпсіздік ережесіне назар аудармайтын кейбір адамдар мұз үстінде жүріп, өз өмірлеріне қауіп-қатер тудырады. Жалпы, мұз үстінде автокөлікпен жүру, балаларды қараусыз қалдыру және балық аулау төтенше жағдайға әкеп соқтыратыны белгілі. Сондықтан, көктемдегі жауын-шашын мен мұз көшкіні кезінде мұз үстіне шығуға, өзенде жүзуге, құлайын деп тұрған жағалауда тұруға, көпірде, бөгенде және өткелде адамдардың жиналуына тыйым салынады. Сондай-ақ, өзендегі мұз кептелісіне жақын келуге, жағалаудан мұзды итеруге, өзен мен су қоймаларының тереңдігін өлшеуге, мұз үстінде сырғанауға болмайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті көктем кезінде өзен мен көлдердегі мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін естеріңізге салады. Егер өз басыңызға қауіп-қатер төніп, көмек қажет болса немесе төтенше жағдайдың куәгері болсаңыз, құтқару қызметінің «112» телефонымен хабарласуыңызды өтінеміз.
Әсет ШӘРІПОВ,
облыстық төтенше жағдайлар департаментінің
жедел-құтқару жасағының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар