Мазмұнды кездесу

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевпен және «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Анатолий Башмаковпен кездесу өтті.

Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев пен белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Анатолий Башмаков аталмыш оқу орнының құрметті профессорлары екенін айта кеткен артық болмас. Оқу орнының ең үздік оқитын студенттеріне арналған Т.Мұсабаев атындағы шәкіртақы тағайындалған. Жыл сайын оқу жылы аяқталған кезде ғарышкер арнайы келіп, өз атындағы сыйлықты студенттерге өз қолымен табыс етеді. Биыл да сол дәстүр жалғасын тапты. Ұшқыш-ғарышкер уақытының жоқтығына қарамастан, Көкшетауға арнайы келіп, биыл міне, 13-ші рет атаулы сыйлықты табыс етіп отыр.
Студенттер алдында қоғам қайраткері, еліміздің Парламентінің бірнеше шақырылымының депутаты болған Анатолий Башмаков Елбасының таяуда «Егемен Қазақстанда» жарық көрген мақаласына орай өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұдан кейін Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы Талғат Мұсабаев студенттерге қазіргі ғылым мен білімді дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында тартымды әңгімелеп берді.
Биыл үздік оқитын бес студент ғарышкер атындағы атаулы шәкіртақыға ие болып отыр. Олардың қатарында Снежана Цветкова, Бақытгүл Бірімжанова, Темір Қайрат сияқты студенттер бар. Ғарышкер өз атындағы шәкіртақымен қоса, үздік студенттерге таяуда үш тілде шыққан отандық ғарышкерлер мен космонавтика тарихы жөніндегі зерттеу кітапты сыйлады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар