Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.

 Кездесу барысында екі мемлекеттің көшбасшылары еуразиялық ықпалдастық мәселелерін және Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты өзара іс-қимылдың, сондай-ақ, оған ЕАЭО аясында қолдау көрсетудің жаңа жағдайларын талқылады.
Сонымен қатар, екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен оның инвестиция, өнеркәсіп, жол құрылысы, туризм және басқа салалардағы перспективалары қарастырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, кедендік шекараларды ашу екіжақты экономикалық қатынастарға оң ықпал етіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері  өңірлік қауіпсіздік мәселелері және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде де пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтың басшылығымен орнықты даму қарқынын көрсетіп отырғанына назар аударды.

 

 

 

Елбасы  мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғызстан учаскесінде кедендік бақылаудың доғарылу рәсіміне қатысты.

 

Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы кедендік бақылау Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шарт ережелері негізінде доғарылды. Елбасы шара барысында Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруінің маңыздылығын, мұның Қазақстан мүддесіне сай келетінін және екі республиканың экономикалық өзара ықпалдастығы аясын одан әрі кеңейтуге септігін тигізетінін атап өтті.
Елдеріміздің арасындағы кедендік шекараны ашу – екі мемлекеттің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер тудыратын, өзара сауданы жандандыратын айтулы оқиға. ЕАЭО аясында қол жеткен уағдаластықтың шарттарын орындай отырып, біз бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру бағытында ілгерілей түсетін боламыз. Мен бұдан нақты оң нәтижелер көретінімізге сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар