Мемлекет тарихы институтының филиалы ашылды

 Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының филиалы және археология кабинеті мен этнография мұражайының салтанатты ашылуы болып өтті.

  Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткізілген маңызды шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған мен аталмыш университеттің бірінші проректоры, геология-минерология ғылымдарының кандидаты Темірхан Жарқынбеков пен білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
 «Отан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шарада Мемлекет тарихы институты филиалы ашылып, университет пен институт арасындағы өзара әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында Бүркіт Аяған мен Темірхан Жарқынбеков меморандумға қол қойды. Бүркіт Аяған алдағы уақытта институт ғалымдары Қазақстан тарихының әртүрлі салалары бо-йынша  тәжірибелерімен бөлісетінін жеткізді. Сондай-ақ, университеттің жас ғалымдарына қолдау білдіру мақсатында гранттар бөлуді қарастыратындарын айта келе, институт филиалына тарихи оқулықтар мен кітаптарды тарту етті.
Жиналған қауым жаңадан ашылған археология кабинетінде де болып, Ботай қонысының мәдениеті, Қосбатыр мемориалды діни кешені мен Үшқарасу ІІІ қорғанының макеттерімен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, этнографиялық мұражайда орын алған тарихи жәдігерлерді тамашалады. Мұражайға қазақ халқының ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдары қойылған. Сондай-ақ, орыс қоғамы, чуваш, армян, неміс этномәдени орталықтарының тарихи жәдігерлері де орын алған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар