Мемлекеттік мүлікті жалға алудың бірыңғай қағидалары

Ғимараттардағы бос тұрған, пайдаланылмайтын аумақтарды және мүліктің басқа да түрлерін жалға беру тәртібі тиісті нормативтік актілермен рәсімделеді.

Былтырғы жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №88 қаулысымен Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру қағидалары бекітілген болатын. Сол құжаттарға сәйкес, облыс әкімдігінің «Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (алу) кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы қабылданды. Ел  Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» №898 Жарғысы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту құқығы құзыретті салалық ведомстволарға берілді.
Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға берудің бірыңғай қағидаларын бекітті. Аталған қағидаларда барша ел аумағында әрекет ететін бірыңғай мөлшерлемелер мен қолданылатын коэффициенттердің мөлшері анықталды. Осыған байланысты соңғы екі жылда жалгерлік ақы мөлшерлемесінің есептеуі жүргізіліп келген облыс  әкімдігінің 2014 жылғы
8 шілдедегі №А-6/291 қаулысы  күшін жойған деп танылды.   
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы мен Азаматтық кодекске сәйкес  №212 қағидалар әзірленіп, мемлекеттік мүлікті жалға беру (жалға алу) тәртібі белгіленді. Оны қабылдаудағы басты мақсат – республикалық, облыстық және аудандық (қалалық) мүлік нысандарын жалға берудің бірыңғай тәртібін белгілеу болып табылады. №212 Қағидалардың 4 тармағына сәйкес, баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын жылжымайтын нысандарды жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалға берушiге, қаржы басқармасына объектілердің атауы, саны, өлшем бірлігі, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, жалға беру мерзімі, нысанды пайдаланылуы және мүлік бойынша қалдық сомасы қамтылған ақпарат береді. Мұндай ақпаратта болжамды жалға алушы көрсетілмей ұсынылады.
Әлеуетті жалгерлер артық және пайдаланылмайтын орындарды немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктерін жалға алуға құқылы. Негізінде,  мұндай жерлер банкоматтарды, ұялы байланысты пайдаланғаны үшін төлем жасау терминалдарын, дәріхана, буфеттерді орналастыру үшін жалға алынады және ұйымдардың қызметкерлеріне де, оларға келушілерге де ыңғайлы болып табылады.
Республикалық мүлікті мүліктік жалға алу шартын жасау үшін барлық қажетті құжаттар болған жағдайда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, облыстық коммуналдық мүлікті жалдау үшін қаржы басқармасына, аудандық (қалалық) мүлікті жалға алу үшін экономика және қаржы бөлімдеріне жүгіну қажет. Жоғарыда айтылған мәселелерге қатысты қосымша ақпаратты облыстық қаржы басқармасы, 207 бөлмеден  және
8 (7162) 402434 телефондарынан алуға болады.

Ақмола облысының қаржы басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар