Мергендер анықталды

Ұлы Жеңіс мерекесі мен Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күніне арнап өткізілген патриоттық айлықта жастар  әскери дайындық шараларына қатысып, майдангерлермен жүздесті.

Әсіресе, мергендер сайысына қатысушылар зор қызығушылық танытты. Бұл жолы орта және арнаулы оқу орындарының оқушылары әр аталым бойынша бақтарын сынап, сайысқа түсті. Командалық есепте жоғары ұпай жинап, «Отан» қоғамдық бірлестігінің тобы бірінші орынды жеңіп алса, облыс орталығындағы №5 «Таңдау» және №13 «Экос»  мектеп-гимназия-лары қалған жүлделі орындарға ие болды.
Жекелей сайыста ұлдар арасында Виктор Гразнов (№1 орта мектеп), Руслан Горбатов («Көкше» колледжі), қыздар арасында Әмина Хамзина (№7 орта мектеп), Әйгерім Бай-
арысова (№5 Таңдау мектеп-гимназиясы) бас жүлделерді өзара бөлісіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.
Жалпы, бұл шараға барлық оқу орындары үлкен үлес қосты. Мұны осы жарыстың бас төрешісі В.Юха өз  сөзінде  ерекше атап өтті. Сонымен бірге, осы жолы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге  атсалысып жүрген бір топ тәлімгерлерге арнайы белгілер мен Құрмет грамоталары табыс етілді.

Николай ИВАНОВ,
«Отан» қоғамдық бірлестігінің
ардагері, отставкадағы полковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар