Нан пісіріп, сүйсінтті

Атбасар ауданында жұмысшы мамандарын даярлайтын колледж оқушылары арасында тұңғыш рет облыстық наубайханашылар сайысы өтті.

Аудан орталығындағы №11 агротехникалық колледжінде ұйымдастырылған сайысқа жеті колледждің оқушылары қатысты. Жеңімпаздар қамыр илеу, нан, тоқаш өнімдерін пісіру бойынша анықталды.
Жарыс қорытындысына сай бірінші орынға Астрахан селосындағы агротехникалық колледжінің оқушысы Анна Горбунова лайық деп танылса,  екінші және үшінші орындарды облыс орталығының іргесіндегі №3 Краснояр агротехникалық колледжінің оқушысы Данил Рудницкий мен Атбасар қаласындағы №11 агротехникалық колледжінің оқушысы Кристина Стихина өзара бөлісті. Жеңімпаздарға «World Skills Kazakhstan-2017» кубогі мен облыстық білім басқармасының дип-ломдары тапсырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар