Наурыз тойын тойлады

Таяуда Көкшетау қаласындағы зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасында Көкшетау медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Наурыз – біздің әніміз» атты мерекелік шара болып өтті.

 

Салтанатты шарада «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова сөз алып, жиналғандарды Әз Наурыз мерекесімен құттықтап, Шолпан Ниязова басшылық жасайтын колледж ұжымына алғысын білдірді. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, колледж оқытушысы Сағындық Құсайыновтың айтуынша, облыс орталығындағы зағип және көзі нашар көретін азаматтарға мұндай мәдени шаралар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ол өз сөзінде алдағы уақытта да бұл жақсы үрдіс жалғасын табатынын айта келіп, жиналғандарға өзінің ақ тілегін білдіріп, барша қауымды Наурыз мерекесімен құттықтады. Мерекеге жақсылап дайындалған колледж оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, зағип жандардың көңілдерін бір серпілтіп тастады. Клуб мүшелері де бұл кеште өз өнерлерін ортаға салып, бірі жүрегінен арнаған жырын оқыса, енді бірі тамылжыта ән салды. Айта кету керек, облыстық зағип жандар қоғамының жанындағы көркемөнерпаздар үйірмесі мүшелерінің қай-қайсысы болмасын өнерді жанына серік еткен талант иелері екендіктерін аңғарта білді. Ән репертуарлары мен  орындау шеберліктері тамсандырды.  
Салтанатты шарадан соң колледж ұжымының мұрындық болуымен 60 адамға лайықталып дас-тархан жайылды. Зағип жанмын деп, тартынып қалмай Наурыз тойы келгенде, серпіліп, өмірге деген махаббат тербеген жүректерінен ақ жарма тілектерін төккен, ән шалқыған осынау кеште, тек қана шаттықтың шырайлы шуағы нұр боп себезгілеп тұрды. Мерекеде жиналған азаматтар ақ дастархан басында   бір-біріне ақ тілектерін арнап, жақсы күймен тарқасты.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар