Перiште

Әр адамның өмiрiн қиын сәтте қорғап, өлiм аузынан алып қалатын қасиеттi күш иелерi бар. Олар – перiштелер.
Перiште туралы түсiнiк барлық дiнде бар. Қызығы, барлық дiнде ол көзге көрiнбейтiн, қолмен ұстай алмайтын материя ретiнде суреттеледi.
Ислам дiнiнде перiште адамның оң иығына қонады, ақырет күнiнде таразыға салатын жақсы iстерiн жазып жүредi делiнедi. Ал, христиан дiнiнде адам туғанда оны тiл-көзден сақтайтын перiште берiледi, жақсы iс жасалса ол шаттанады, егер күнә жасалса жылайды деп есептеледi екен.
1984 жылдың мамырында Тбилиси қаласының «Динамо» стадионына жиналған жұрт адам сенгiсiз оқиғаның куәгерi болды. Ойын алаңындағы футбол командасының гол соққанына қуанған жанкүйер аса үлкен биiктiктегi балконнан абайсызда құлап түстi. Стадиондағы барлық жанкүйерлер оны өлдiге санай бергенi сол едi, әлгi жанкүйер түк болмағандай құлаған жерiнен тұрып, орнына барып қайта жайғасты. Ал, осыдан кейін оның өмiрiн құдiреттi күш құтқарып қалды дегенге қалай сенбейсiз?

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар