Тарихи маңызы зор оқиға

Еліміздің Бірікккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер арасынан аз уақыттың ішінде ойып тұрып орын алып, Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі  атануы бейбітсүйгіш саясатымыздың жеңісі.

Бұл тарихи маңызы зор оқиға. Соңғы жылдары түрлі халықаралық шараларға бастамашы болып жүрген еліміздің осы мәртебеге ие болғаны қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті.  Ел тәуелсіздігінің  25 жылдығында  осындай ірі жетістікке қол жеткізуіміз үлкен абырой.
Мемлекетіміз сенім үдесінен шығу үшін қыруар жұмыс атқарды.  Нәтижесінде, еліміз таңдаулылар тізімінен табылып, өзге мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Қазақстан осы сайлаудағы басты бәсекелесі Таиланд елінен 55 дауысқа басым түстi. Осылайша, Қазақстан Орталық Еуразиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың діңгегіне айналды.
Еліміз 2017-2018 жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ілгерілетіп, жойқын қару қолдануды тоқтатуға өз үлесін қосуға ынталы. Сонымен бірге, ұйымның назарынан тыс қалып отырған мәселелерді шешуде белсенділік танытпақ. Кеңеске мүше болуымыз ішкі ахуалды жақсартуға да негіз болары сөзсіз. Қай жағынан алып қарасаң да бұл бастаманың берер пайдасы зор.
Норик МАГЛАМЯН,
«Бари» армян мәдени
орталығының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар