Тартымды сабақ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Көкшетау қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінде Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөйлеген сөзі туралы арнайы сабақ  өткізді.

Елбасы мақаласында көтерілген ұлттық бірегейлік, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар жайындағы ой-толғаныстар еліміздің ертеңгі тізгінін ұстайтын жастар үшін маңызды. Ұлттық дәстүрлеріміздің арасында тәлімдік маңызы бар ұлағатты салттарымыз аз емес. Жастар сондай салт-дәстүрлерімізді біліп және саналарына сіңіріп өскенде ғана Елбасы алға қойып отырған әлемнің озық отыз елінің санатына қосылатын боламыз дей келе, Зере Еспайқызы Мемлекет басшысының бизнес өкілдерін  Туған жер жобасын қолдауға, ауылды көтеруге атсалысуға  шақыруының маңыздылығына тоқталды.
Дәріс барысында сондай-ақ, қыз тәрбиесіне қатысты жайлар да айтылмай қалмады. «Ана ұлтты тәрбиелейді» деген ұлағатты сөзді естен шығаруға болмайды. «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» деген қағиданы ұстанғанда ғана еліміздің ертеңгі болашағын  мығым қолдарына ұстайтын саналы ұрпақ өсіп шығады.
Өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, жалаң қағидаларға емес, өмірден алынған нақты мысалдармен өрілген сабақ қызықты өтті және оны талқылауға өрт сөндірушілер белсене қатысты. Радиотелефоншы Жаңагүл Мәми, күзет басшысы Жанат Мусин сияқты мамандар сабаққа қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Жазира СЕЙТМАҒАМБЕТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар