Тасқынға – тосқауыл

Көктемгі су тасқынының алдын алуға қазір облыста көп күш жұмылдырылуда.

Осының бір айғағы ретінде,  жуырда Шағалалы су қоймасында  «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді. Оған облыс әкімінің орынбасары Жанболат Смайылов қатысып, құтқарушылардың дайындығын бағалады. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында дайындықты ширату үшін жыл сайын ұйымдастырылатын маңызды шараға  төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару қызметтері, қалалық азаматтық қорғау және  денсаулық сақтау саласының  287  қызметкері қатысты.   92  арнайы техника жұмылдырылды.  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары  Қанат Доспаевтың  айтуына қарағанда  биыл өткен жылмен салыстырғанда қар  біршама аз.
Елді мекендерден 709  мың текше метр қар  шығарылып, 680 су өткізгіш жыралар тазартылған.  Дегенмен,   су тасқыны болады-ау деген қауіп те жоқ емес. Қауіптілігі  жоғары аймақтар қатарына  Атбасар, Целиноград, Аршалы, Астрахан аудандары жатады.
Оқу-жаттығу барысында су тасқыны орын алған кезде зардап шеккендерге   көрсетілетін медициналық көмек пен оларды  қауіпсіз аймақтарға қалай шығару, өрт шыққан кезде тез  сөндірілуі   сияқты бірқатар  оқыс оқиғалардың зардабын жою жолдары көрсетілді.  
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар