Тасқын судың алдын алуға ұмтылуда

Облыс әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Целиноград ауданына сапар барысында  БАҚ өкілдері көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарының барысымен танысты.
Баспасөз туры барысында журналистер 96 разъезде болып, жергілікті коммуналдық қызмет техникаларының қар тазалау жұмыстарымен танысты. Осы жерде журналистер аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеевпен кездесіп, көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары туралы сұрап білді. Аудан басшысының айтуынша, өңірде су тасқыны қаупі бар аумақтар анықталып, бақылауға алынған. Ол үшін бюджеттен 42 миллион теңге қаржы бөлінген.
– Биыл Целиноград ауданы аумағында түскен қар жылдағыдан анағұрлым көп. Сол себепті, көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын ерте бастадық.  Қазіргі кезде аудандағы елді мекендерден 111 мың текше метрден астам қар сыртқа шығарылып, 234-ке жуық суөткізгіш тазартылды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмысына аудандық бюджеттен 18 миллион 600 мың теңге қаржы бөлініп, оған 70 мың литр жанар-жағармай, 550 тонна инертті материалдар және 40 мың қап сатып алынып, 77 бірлік арнайы техника әзірленген. Оған қоса, бюджеттен қосымша тағы 42 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр, – деді Мәлғаждар Тəткеев.
Сонымен қатар, аудан басшысы Есіл жəне Нұра өзендерінің бойындағы су бөгеліп қалуы мүмкін аумақтарда кептелген мұзды жару, елді мекендерді тасқын судан қорғау үшін бөгеттер тұрғызу және нығайту жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда.  

 

 

Аудан әкімі Андрей Никишовтың айтуы-на қарағанда, өңірде су тасу қаупі бар 30 учаске анықталып отыр.
– Қазіргі кезде 193 су өткізгіш тазартылып, 5 мың тонна инертті материалдар, 72 мың қап және 250 бірлік техника әзірленген. Оған қоса, аудандық бюджеттен 61 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр, – дейді Андрей Никишов.
Сонымен қатар, аудан басшысы су тасқынының алдын алу шаралары былтырғы жылдың күзінен басталғанын атап өтті. Осы мақсатта қаланы ағын судан қорғау  үшін ұзындығы 9 метр, биіктігі 7,5 метр бөгет тұрғызылып, іргесі нығайтылды. Аталған бөгеттің бойында  су өткізетін 20 нысан орнатылды. Бүгінгі таңда Жабай өзенінің бойында су бөгеліп қалуы мүмкін алты мың шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аслан Оспанов.

Целиноград-Атбасар аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар