Тауар белгілері дұрыс болуы керек

Облыстық әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі «Алтын ғасыр» сауда үйінің  кәсіпкерлеріне  «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылатын елді мекеннің  атауы» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара барысында бөтен тауар таңбасын, авторлық құқық нысандарын  қолдануға қатысты мәселелер  талқыланып, департамент қызметкерлерімен толыққанды түсініктемелер берілді. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Дмитрий Гаврилов   жүргізілген тексерулер жайлы және  тауар белгілерін заңсыз қолдану барысында құқықтардың бұзылу мәселелері жөнінде әңгімеледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодексіне сәйкес бөтен тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жері  жайлы немесе біртектес тауарларға көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілерді пайдалану және  бөтен фирмалық атауды пайдалану  заң бұзушылық болып табылады. Сондықтан да,  осындай іс-әрекеттерге барған  жеке тұлғаларға  30 мың теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 40 мың теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50 және ірі кәсіпкерлік субъектісіне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Шара соңында департамент мамандары  кәсіпкерлерге көмек түріндегі  зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға байланысты туындайтын сұрақтарды түсіндіруге арналған мұндай шараларды көбірек өткізу қажеттігіне назар аударды.  

Облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар