Өтініш-тілектерін жеткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Онда әркім өзін толғандырған мәселелерді ортаға салып, Парламент өкілінен көмек қолын созуын сұрады.

Алдымен азаматша Шынар Ғаббасова ұсыныспен жүгінді. Ол өзінің жұбайы бірінші топтағы мүгедек екенін айтып, бес адам аядай бір бөлмелі пәтерде қысылып-қымтырылып тұрып жатқандарын жеткізді. Бірақ, өзінің пәтер сұрап келмегенін тілге тиек етті. Себебі, осыған дейін қалалық әкімдікте болып тұрғын үй алудың жағдайымен де танысады. Заң бәріне ортақ. Ешкімге кезекті аттатып пәтер кілтін қолына ұстата қоймайды. Сондықтан, бұл бағыттағы заңға өзгертулер енгізілсе деген ұсынысын ала келіпті.
Жаңа заңға тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтағы тұрғындарға жергілікті атқарушы органдар жекелеген тізімдер жүргізсе деген тілек. Өз кезегінде Сергей Дьяченко бұл мәселеге заң қабылдау кезінде баса назар аударатынын айтты. Ол көптің ортақ пікірімен шешілетін мәселе деді ол.
Щучинск қаласының тұрғыны Александр Бойконың талайдың табалдырығын тоздырып жүргеніне де бірсыдырғы уақыт болды. Өзі еліміздің еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы екен.  Бірақ, жергілікті туризм мекемесі жұмыстан босатқан. Ондағысы оның туризм қызметін жақсарту жөніндегі ұсынысы басшыларға ұнамаған болуы керек.
Ал, Алла Мишина еліміздің солтүстік өңірлерінде бұрынғы кеңес заманындағыдай жалақыға үстемеақы берілсе дейді. Өйткені, біздің жақтың табиғаты да қатал, қысы да ұзақ. Адамдарға коммуналдық шығынды өтеу де оңайға соқпайды. Парламентте бұл мәселе көтерілсе деген ойын білдіре келіпті. Парламент өкілі бұл ұсынысты да назарға алатынын жеткізді.

«Арқа ажарының»  өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар