«Өз үйіңді тұрғыз»

Көкшетау қаласының прокуратурасы «Өз үйіңді тұрғыз» жобасын жүзеге асыруды қолға алды.

Бұл жобаның мақсаты баспанасыз тұрғындардың жер телімдерін алып, өз үйлерін салуына жағдай жасау.
Бүгінгі күні Көкшетау қаласында тұрғын үй салу үшін қажетті жер телімін алу кезегінде 12 мыңнан астам адам тұр екен. «Өз үйіңді тұрғыз» жобасы 2004 жылдан бері жер телімін алу кезегінде тұрғандардың санын таяу жылдарда 5 мыңға дейін азайтуды көздейді.
Қазір белгілі болып отырғандай, Станционный кентінің аумағында 2291, Бірлік шағын ауданында  – 161, Сарыарқа шағын ауданында  – 661, ал, Краснояр кентінің аумағында  130 жер телімі бар екен. Ендігі мақсат сол жер телімдерін жұртшылықты әуреге салмай құжаттарын тез арада да-йындап, баспанасыздарға беру. Қазіргі күні жоғарыда айтылған аумақтардағы жерге инженерлік желі тартудың жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. Бүгінгі күнге дейін үш жүзден астам адам жер телімін алды.

Облыстық прокуратураның
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар