Жұмыссыздық деңгейі төмендеді

 Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын  арттыруға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

  Бағдарламаның инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамту бойынша  Үсенов атындағы Сабынды орта мектебіне күрделі жөндеу өткізу көзделген. Жөндеу жұмысына  109 050,4 миллион теңге қаржы бөлініп отыр.  Сондай-ақ,  20 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Ал,  елді мекендерде кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту бағыты шеңберінде  жеті азаматты кәсіпкерліктің негізін меңгеру үшін оқуға жіберу жоспарлануда. Әрі өңірде 45 адамға өз кәсібін дөңгелетуге 119500 миллион теңге сомасына несие берілді. Мақсат –  мал шаруашылығын дамыту, сүт  өңдеу және жиһаз жасау цехын ашу.
Аталмыш бағдарлама шеңберінде өтініш тапсырғандар еңбек нарығына қажет деп танылған мамандықты оқып, білікті маман болып шығуға мүмкіндік алды. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері ауыл әкімдері мен мамандар үшін  төрт рет тренинг-семинар өткізді.  Осы орайда,  ағымдағы жылдың сәуір айында 10 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, жас-тар тәжірибесінен өтуге екі адам жіберілді. Мұны іске асыруға бюджеттен 1615,0 мың теңге қаржы бөлінді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар