Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкім бол, халқыңа жақын бол! - АРҚА АЖАРЫ

Әкім бол, халқыңа жақын бол!

Нәтижесі – нақты істерде

Еліміздегі қолға алынған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру, ауылдық жерлерді, тұрғын үй құрылысын дамыту және адамдардың тұрмыс деңгейін жақсарту мәселелерінің шешілуі туралы тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін арттыру, сондай-ақ, қоғамды одан әрі ортақ мүддеге топтастыру мақсатында осы жылдың 13 қаңтары мен 21 ақпаны аралығында облыс аумағында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен 692 есептік кездесулері өтіп, оған 67525 тұрғын қатысты.

Есепті кездесулерде 1069 ұсыныс енгізілді. Мемлекеттік органдардың басшылары атына сын-ескертулер түскен жоқ.  Барлық 1069 ұсыныс әлеуметтік сипаттағы ұсыныстар. Экономикалық және саяси тұрғыдағы ұсыныстар болған жоқ.
883 (82,6 пайыз) ұсыныстар мен ескертулерге түсініктеме беріліп, 31-і (2,9 пайыз) облыстық әкімдік қаулысымен бақылауға алынды. Олардың республикалық деңгейде шешілуге ұсынылғаны – 14, облыстық  деңгейде шешілуге ұсынылғаны – 17 болып отыр. 2014 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 12 (70,6 пайыз) ұсыныс орындалды. Жыл аяғына дейін 5 ұсыныс орындалатын болады. Атбасар қаласында ағынды су канализациясына күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі анықталды. Жоба 2015 жылдың табиғат қорғау шаралары жоспарына енгізілетін болады. Ағымдағы жылы Ерейментау ауданы Байсары ауылындағы су құбырына күрделі жөндеу жүргізу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»  бағдарламасының  екінші траншы бойынша 51,5 миллион теңге бөлінді.
Сондай-ақ, 2015 жылға «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»  бағдарламасы аясында Есіл ауданының Двуречное селосындағы су құбыры жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу жобасын енгізу жөнінде ұсыныс болды.
Барлық деңгейдегі әкімдермен есептік кездесулерде  тұрғындардан түскен ұсыныстардың орындалуы туралы толық ақпарат облыс әкімі сайтында орналастырылды.
Талғат БӨЛТЕНОВ,
облыс әкімі аппаратының жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар