Заң пәрменділікпен ғана сақталады
Облыс прокуроры Мұратбек Исадиловтың төрағалығымен облыс прокуроры жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Кеңес отырысына қоғамдық Кеңестің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы, облыстық әкімдіктің, бірқатар ведомстволар мен департаменттер және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіне орай, жиында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің инновациялық жобаларының азаматтар, кәсіпкерлік субъектілері және құқық қорғау органдары үшін маңызы, сондай-ақ, облыстың уәкілетті және құқық қорғау органдарында заңсыз еңбек көші-қонын анықтау мен оның алдын-алу жөнінде заңдылықтың сақталу мәселелері талқыланды.
Алдымен, облыс прокуратурасы аппаратының басшысы Марат Әбдірахманов жиналғандарға қоғамдық Кеңестің жаңа мүшелері – «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов пен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры Арсений Дүйсеновты таныстырды.
Қолға алынып отырылған инновациялық жобалар мемлекеттік органдарды және қоғамды еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы туралы ақпараттық қамтамасыз етуге, құқық қорғау қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға, қоғам мен мемлекет арасындағы кері байланыстың пәрменді тетігін құруға, азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыруға бағытталып отыр. Мәселен, 2011 жылы алғашқы инновациялық идея ретінде өтініштер мен ақпараттарды есепке алудың электронды кітабы іске қосылған болатын. Онда қылмыстар туралы тіркелген барлық хабарламалар топтастырылды. Өтініштерді тіркеу қызметкерлер үшін оңайға соғып, қолайлылық туғызды және азаматтар үшін ашық болғандығын айтып өткен ләзім. Осынау жүйе әрбір өтінішті немесе хабарламаны қарау барысын қадағалауға мүмкіндік берді. Сөйтіп, өтініштер қысқа мерзімде және жан-жақты шешіле бастады. Адамдарды әуре-сарсаңға салуы азайды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Айнагүл Жанәділова осы жайларды айта келе, одан әрі «Айқын» және «Бизнес тірегі» жобаларының тиімділігіне жан-жақты тоқталып, нақтылы деректер келтірді.
Көші-қон мәселесінде заңсыз еңбек жайы да сөз болды. Облыстық прокуратура органдарының тексерісі нәтижелеріне қарағанда көші-қон саласы бойынша заңнаманы бұзатын шетел азаматтарын тіркеу, әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы хаттамаларды құрастыру, әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімінің сақталмауы, облысқа бөлінетін шетел жұмыс күшін тиімді пайдаланбау сияқты кемшіліктер анықталған көрінеді.
Осы мәселе бойынша облыстық прокуратураның №1 басқармасының басшысы Серікжан Қожахметов пен облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының басшысы Жұмат Сәрсембаевтың есептері тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері осы бағыттағы жұмыстарды ширата түсудің қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ, қоғамдық Кеңес мүшеле-
рі – «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, облыс прокурорының орынбасары Манарбек Сәдуов, облыстық мәслихат депутаты Серік Аяғанов және басқалары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөйлеп, өздерінің ұсыныс-тілектерін айтты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.